Саясат

Ердоған Тоқаевқа жауап берді

Түркия президенті бауырлас Қазақстан халқына сәлем жолдады
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған әлеуметтік желі арқылы Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулығына байланысты тілегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Президент Тоқаев мырза, сізге өзім және әйелім Эминенің атынан ізгі тілектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бауырлас Қазақстан халқына сәлем жолдаймын, - деп жазды Режеп Тайип Ердоған Twitter парақшасында.
Айта кетері, бұған дейін Түркия басшысы әйелімен бірге коронавирустың омикрон штамын жұқтырғаны хабарланды. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың тезірек сауығып кетуін тіледі.