Қоғам

Алматы әуежайында қоғам белсендісі қамауға алынды

Ермек Нарымбаевқа осыдан жеті жыл бұрын ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпарат таратты деген айып тағылған болатын
Sputnik
НҰР--СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Алауыздықты қоздырды деген күдікке ілініп, сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Прокуратура мәліметінше, Нарымбаев Алматы әуежайында Киевтен келген юойда ұсталды.
"Ол іздеуде жүрген болатын. Нарымбаев Қылмыстық кодекстің 174-бап "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша сотталған. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ермек Нарымбаев осыдан жеті жылға жуық бұрын, 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған. Оған әлеуметтік желіде ұлттық ар-намысты қорлау, ұлтараздықты қоздыру бағытындағы ақпарат таратты деген айып тағылған болатын.
Оқи отырыңыз: "Тіл майданы" қозғалысы төңірегіндегі жанжалға қатысты мамандар пікір білдірді