Аңдатпа

Қазақстанда 7 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 7-9 ақпанда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik
7 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
11:00 – ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингі. Брифинг тақырыбы: "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процесін реттеу функциясын беру туралы"; "Қаржы пирамидаларымен байланысты қылмыстық істерді тергеу туралы".
Спикерлер:
Сейітжанов Сабыржан – ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары;
Әділов Санжар – ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы.
9 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН
18.30 – "КиноЛекторий" жаңа жобасы іске қосылады. Көрсетілім айына екі рет өткізіледі. Алғашқысы 9 ақпанда сағат 18-30-да көрсетіледі. Фильм: "Комиссар" (режиссері - Александр Аскольдов).
Кіру тегін.
Бизнес орталықта Ashyq жүйесі жұмыс істейді. "Жасыл" мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады.
Байланыс: +7 701 261 39 64 (Евгений Лумпов).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.