АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің хабарлауынша, елдің кей жерінде жауын-шашын болады, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Кей жерде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарда жел 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында жел күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыста түнде солтүстік–шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста түнде солтүстікте, шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын болады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында бұрқасындатады, облыстың солтүстігінде тұман, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с-ке күшейіп, бұрқасын болады, облыстың шығысында тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасындатуы мүмкін.
Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, облыстың батысында және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасындатады.
Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.