АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
5 ақпанда фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысты. Іріктеу кезеңінде 74.90 ұпайын еншілеген Дмитрий Рейхерд финалға шықты. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11-орынмен аяқтады.
Айта кетері, финал елорда уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.