Бейжің Олимпиадасы

Олимпиада-2022: Дмитрий Рейхерд медаль ала алмады

Могулдан жарысқа түскен тағы бір спортшымыз Павел Колмаков финалға шыға алмады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында медаль ала алмады.
Екінші финалда қазақстандық 76,77 балл жинады, бұл үшінші финалға шығып, медаль үшін күресуге жетпеді.
Бірінші финалда Рейхерд 76,90 балл жинап, тоғызыншы орынға тұрақтаған еді, осылайша үздік он екі спортшының қатарына кірді.
Екінші финалдағы 76,77 балл – бұл он екінің ішіндегі сегізінші нәтиже. Жарыстың шешуші кезеңіне он екі спортшының алтауы өтеді.
Сондай-ақ могулда Қазақстанның намысын Павел Колмаков қорғады. Бірақ ол финалға жете алмады, екінші квалификация қорытындысы бойынша он бірінші орынға жайғасты.
Бейжің Олимпиадасы
Қазақстандық конькиші Олимпиада жүлдегерін басып озды, бірақ медаль алмады