Өңірлер

Жоғалып кеткен екі адамның денесін ауылдастары Балқаш көлінен тапты

Мотоцикл мінген ер адамдар көрші ауылға мұздың үстімен кетіп адасқан
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 ақпан – Sputnik. Алматы облысында мотоциклмен жолға шыққан екі ер адам Балқаш көлінде мұздың астына түсіп өлген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төртінші ақпанда сағат 18.30-да Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне ауыл тұрғындарынан хабарлама түскен. Олар Балқаш көлінен Құйған ауылының 1985 және 1987 жылы туған екі тұрғынының денесін алып шыққан.
Белгілі болғандай, екі ер адам күндіз Жамбыл облысының Шығынақ ауылына мотоциклмен кеткен. Кешке біреуі әйеліне хабарласып, адасып кеткендерін айтқан. Содан кейін байланыс үзілген. Жоғалғандардың ізімен шыққан ауылдастары екеуін көрші Балатопар ауылынан 25 шақырым жерден тапқан.
"Жоғалған ер адамдардың денесі төртінші ақпанда жағадан бір шақырым мұздың қалыңдығы 3-5 сантиметр болатын жерден табылды. Олардың мотоциклі көлдің түбінен шығарылды. Бұл оқиға бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді", - деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар азаматтарға сақтық шараларын сақтап, жұқа мұздың үстімен жүрмеуді есукертіп отыр.
Оқиға
Шығыс Қазақстанда балықшылар мұздың астына түсіп кетті: біреуі көз жұмды