Бейжің Олимпиадасы

Тоқаев Олимпиада қатысушыларына қол бұлғап қолдау көрсетті

Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Олимпиадаға қатысушы мемлекеттер спортшыларының салтанатты шеруінде Қазақстанның мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті. Қазақстанның ұлттық құрама командасына Қасым-Жомарт Тоқаев қол бұлғап, қолдау көрсетті.
1 / 3

Қазақстанның мемлекеттік туын алып шыққан спортшылар

2 / 3

Қазақстан Ұлттық құрама командасы

3 / 3

Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қатар Аргентина, Мысыр, Қырғызстан, Польша, Ресей, Сингапур, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эквадор президенттері, Қатар Әмірі, Босния және Герцеговина, Грекия, Моңғолия және Пәкістан премьер-министрлері, Камбоджа Королі, Сауд Арабиясының тақ мұрагері, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Монаконың ханзадасы, Люксембургтың Ұлы герцогы, Таиландтың ханшайымы, БҰҰ бас хатшысы, Халықаралық олимпиада комитетінің Президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, Шанхай ынтымақтық ұйымының бас хатшысы және басқа да бірқатар шетелдік ресми тұлға қатысты.
Оқи отырыңыз:
Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан туын Сақ патшайымы мен қазақ батыры алып шықты – видео
Бейжің Олимпиадасы: ел намысын кімдер қорғайды – видео - 03.02.2022, Sputnik Қазақстан