НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik. Қырғызстанның Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған жасырын орын анықталды. Олардың арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды.
Sputnik Қырғызстан ақпараты бойынша жасырын қоймадан мынадай заттар табылған:
атыс қаруы,
бөлшектелген Макаров тапаншасы (ПМ),
Калашников автоматының 5,45 және 7,62 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
Макаров тапаншасының 9 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
Қазақстанның мемлекеттік автокөлік нөмірі (KNB 13),
қолдан жарылғыш құрылғы дайындауға арналған заттар мен аспаптар.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне мұндай сериялы қызметтік нөмір ведомство иелігінде жоқ екенін мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрі қылмыс жасау үшін дайындалған. Қазір жасырын жерді кім ұйымдастырғаны анықталып жатыр.