АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Magnum дүкендер желісінің өкілі Дмитрий Шишкин қаңтардағы ойрандау кезінде дүкендерге келген залал туралы айтты.
Қаңтардағы оқиғалар кезінде Magnum-ның 15 дүкені толығымен тоналған (дүкен сөрелерінде ештеңе қалмаған) және тағы 11 дүкен ішінара тоналды, деп хабарлады ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Үш дүкен жай тоналып қана қоймай, қиратылған: сауда жабдықтары, сөрелер, техника мен жиһаздар сындырылған. Залалдың жалпы сомасы 11 млрд теңгені көрсетті.
Дүкендер желісінің күзет қызметі бейнебақылау камерасындағы барлық жазбаны жинап, құқық қорғау органдарына ұсынды. Дүкенді тонауға келгендердің көпшілігі мас болған, олар азық-түлікті өзімен бірге алып кетпеген, сол жерде ішіп-жеген.
Полиция департаменті қызметкерлері дүкендерде бөтелкелерде, қаптама секілді заттарда қалған саусақ іздерін жинады.
"Кей күдіктілер қазірдің өзінде келіп, залалды өз еркімен өтеп жатыр. Олар мұның сотта еленгенін қалайды", - деді Дмитрий Шишкин.
Тонаушылардың көбі ұсталды. Ойрандауға қатысқан күдіктілерді көбірек анықтау үшін тергеушілер толағай жұмыс атқаруы керек.
Оқи отырыңыз: Бүлік кезінде арматура таратқан: Алматы облысы мен қаланың 6 тұрғыны ұсталды