Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура

Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қаңтар оқиғасына қатысты 2 750 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
Оның айтуынша, Бас прокуратура қаңтар оқиғасында болған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып келеді.

"Қазіргі уақытта 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ал 91 тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і - сотты болған, кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін және радикалды діни ағымдардың жақтаушылар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметіде өткен брифингте.

Оның айтуынша, күдіктілерді қамауға алу кезінде олардың іс-әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындау және тергеуге көмек көрсетуі ескеріледі.
"Осы негіздер арқылы прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Осылайша сот 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды", - деді Елдос Қилымжанов.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Бас прокуратураға тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарға қатысты тапсырма берді