Өңірлер

Ақтөбе облысында бес жасар егіздер көз жұмды

Өрт басталғанда үйде ересектерден ешкім болмаған, балалардың ата-анасы жұмыста жүрген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында үйден өрт шығып, бес жасар егіздер ажал құшты.
Қайғылы оқиға Қызылжар ауылында 3 ақпан кешке болды.
Жалын небәрі сегіз шаршы метрді шарпыған, балалар иіс тиіп көз жұмды.
Өртті ерікті өрт сөндіру құрамалары сөндірді: жақын маңдағы өрт бөлімшесіне дейін – 80 шақырым, құтқарушылар автоцистернамен жылдам келе алмайтын еді.
Өңірлер
Алматы облысында бүтін бір отбасы "времянкада" көз жұмды
"Үйде 2017 жылғы егіздер болған, олар иіс тиіп уланды. Өрт кезінде балалардың ата-анасы жұмыста жүрген", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ТЖ департаменті.
Өртке қысқа тұйықталу себеп болды деген болжам бар.