НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ертең мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
Баспасөз хатшының хабарлауынша, 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ.