Қоғам

Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Қазақстанда Қарулы күштер арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы осы жылы қаңтарда құрылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Болат Жорабаев Қарулы күштер Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ президент Асқар Жоламановты Қарулы күштер Құрлық әскерлері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы лауазымынан босатты.
Еске салсақ, биыл қаңтарда президенттің жарлығымен Қазақстанда Қарулы күштер арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды.