НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. БҰҰ Мәскеуді өмір сүру сапасы мен инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша әлемдегі ең үздік мегаполис деп таныды.
"БҰҰ-ның қалалар өркендеуі индексінде" қалаға осындай бағаға ие болды.
2 ақпанда Қалалар өркендеуі индексінің нәтижелері бар зерттеудің қысқаша нұсқасы жарияланды. 31 наурызда әдістеме мен деректер кестесінің сипаттамасы көрсетілген зерттеудің толық нұсқасы дайын болады.
Қалалар өркендеуі индексі – әлем қалаларының дамуындағы гүлдену мен тепе-теңдік деңгейін бағалау және мониторинг жүргізудің кешенді құралы. Оны қаланың тұрақты дамуы бойынша жаһандық күш салуларды үйлестіру мақсатында 1978 жылы құрылған БҰҰ-ның елді мекендер жөніндегі бағдарламасы – БҰҰ-Хабитат әзірлеген.
Сарапшылар әлемдегі ең ірі 50 қаланың көрсеткіштеріне талдау жасап, нәтижесінде қорытынды рейтингке 29 мегаполис енді (әліпбидегі тәртіп бойынша): Бангкок, Богота, Буэнос-Айрес, Гонконг, Дар-эс-Салам, Дели, Джакарта, Лагос, Лима, Лондон, Мадрид, Мехико, Мәскеу, Найроби, Нью-Йорк, Осака, Париж, Бейжің, Сантьяго, Сан-Паулу, Сеул, Сидней, Сингапур, Токио, Торонто, Хошимин, Шанхай, Ухань және Эр-Рияд.
БҰҰ-Хабитит және Eure зерттеу орталығының сарапшылары бұл қалаларды экономикалық өнімділік, инфрақұрылым дамуы, өмір сүру сапасы, теңдік және әлеуметтік қамту, экологиялық тұрақтылық, әкімшілік және заңнама сынды даму көрсеткіштері бойынша бағалады.
Сондай-ақ осы көрсеткіштер арасындағы тепе-теңдік дәрежесі де ескерілді. Сингапур және Торонтомен бірге Мәскеу де кешенді бағалау бойынша әлемдегі ең гүлденген мегаполистердің үштігіне енді. Индекстің алғашқы он үздігінің қатарында Сидней, Лондон, Париж, Мадрид, Шанхай, Гонконг және Нью-Йорк бар.
Сонымен қатар, Мәскеу екі санат бойынша – "инфрақұрылымды дамыту деңгейі" (тұрғын үй, әлеуметтік, АКТ, көлік) және "өмір сапасы" (денсаулық сақтау, білім, ғылым және технология, мәдениет және бос уақытты тиімді өткізу, қауіпсіздік және қоғамдық кеңістік көрсеткіштері) бойынша әлемдегі үздік атанды.
Қалалар өркендеуі индексінің нәтижелері бойынша Мәскеу кешенді бағалау бойынша Сидней, Лондон, Париж, Мадрид, Шанхай, Гонконг және Нью-Йоркті артта қалдырып, Сингапур және Торонтомен бірге үздік үштікке енді.
Тұрғын үй, әлеуметтік, АКТ, көлік инфрақұрылымының даму деңгейіне, қалалық мобильділік деңгейіне, халықаралық көлік ағындарына қосылуына, сондай-ақ қала кеңістігін пайдалану тиімділігіне баға беретін "Инфрақұрылымды дамыту" санатында Мәскеу бірінші орынға шықты. Ал Гонконг пен Париж Ресей астанасынан кейінгі орында тұр.
Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мен технология, мәдениет пен бос уақытты тиімді өткізу, қауіпсіздік және қоғамдық кеңістіктегі даму деңгейі бағаланатын "Өмір сапасы" санатында Мәскеу Сингапур мен Гонконгтан озып, бірінші орынға жайғасты.
Тұрғындардың қаланың саяси өміріне қатысу деңгейін, бизнес ашуға жасалған қолайлы жағдайларды, қаланың кеңістіктік дамуын басқаруды және электронды үкімет қызметтерінің даму деңгейін бағалайтын "Басқару және заңнама" санатында Мәскеу әлемнің үздік 10 мегаполисінің қатарына енді.
Жалпы Қалалар өркендеуі индексінің нәтижесі мынандай:
1.
Сингапур,2.
Торонто,3.
Мәскеу,4.
Сидней,5.
Лондон,6.
Париж,7.
Мадрид,8.
Шанхай,9.
Гонконг,10.
Нью-Йорк.Алғаш рет бұл индекс 2015 жылы жарияланды да, кейіннен тоқтатылды. Бірақ оның әдістемесі негізінде жекелеген қалалардың дамуы туралы зерттеулер жарияланып тұрды.
2022 жылы Қалалар өркендеуі индексі қайта іске қосылып, сайтта жарияланды.