НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Қызылордада қаңтардың басындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардты тонаған кезекті қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық топта бар-жоғы екі сыбайлас болған – олар арнайы операция кезінде ұсталды.
Айғақ зат ретінде күдіктілерден ұрланған алтын бұйымдар, атап айтқанда, 125 сақина, 22 алқа, жеті білезік, үш сағат пен бір алтын лупа және ноутбук тәркіленді.
Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлімі (Аса ірі көлемде жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.