НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Талдықорған маңындағы Еңбек ауылында бүтін бір отбасы – ата-ана мен олардың екі кішкентай баласы ажал құшты.
Алматы облысы ТЖД ақпаратынша, отбасы жер үйдің аумағындағы жалдамалы времянкада тұрған. Адамдардың мәйіті 2 ақпанда табылды.
"Үйден төрт адамның денесі табылды: 1998 жылғы ер адам мен әйел, төрт және бір жасар екі бала", - деді ТЖД.
Алдын ала мәлімет бойынша олар екі-үш тәулік бұрын көз жұмған.
"Өлім себебі әзірге анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады өңірлік департамент.
Алдын ала болжам бойынша отбасы иіс тиіп қаза болған. Иіс газы бұзылған пештен шыққан.