АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында әкімдік ғимаратының алдыңғы беті қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлады мемлекеттік органның баспасөз қызметі.
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ғимараттың алдыңғы бетіндегі қабырға мен терезелер бүлінді, жиналғандар ғимарат ішіне кіріп, өрт қойған. Алайда жақында әкімдік ғимараты толық жөндеуден өтеді, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Тараздағы өмір бұрынғы қалпына оралды.
Жамбыл облысы әкімдігіндегі бүлікшілер қиратқан кабинет
© Photo : Пресс-служба акима Жамбылской области
Айта кетері, Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңгені құрайды.
Облыс бойынша 7 мемлекеттік ғимарат зардап шеккен. Олар: облыс әкімінің аппараты, Nur Otan партиясының облыстық және Шу ауданындағы филиалы, облыстық полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі. Сондай-ақ, 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.
Оқи отырыңыз: Тараздағы бүлік: қалада жағдай қалай өрбіді – фото