Саясат

Тоқаев "Nur Otan" партиясының атқарушы хатшысын тағайындады

Бұған дейін 31 жастағы Асхат Оралов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Асхат Оралов "Nur Otan" партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі

"Nur Otan" партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, бұл лауазым жойылды.
Таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының басшысы болды. Шешім қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылдың 28 қаңтарында өткен кезектен тыс съезде қабылданды.

Асхат Ораловтың өмірбаяны

Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
2011 жылы – Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыс департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2013-2016 жылдары – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хаттама бөлімінің бас маманы.
2014-2016 жылдары – "Нұр Отан" партиясының Астана филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2017 жылдары – Астана қаласының "Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының м.а.
2017-2018 жылдары – Астана қаласының "Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы.
2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында – Қазақстан дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – Қазақстан қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2020-2021 жылдары – Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.
2021 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.