НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Семейде мұз үстінде жұмыс істеп жатқан жүк тиегіш техника суға түсіп кетті.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға Бейбітшілік аралында болған.
Суға түсіп кеткен техника ішіндегі көлік жүргізушісі кабинадан шыға алмады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар барды. Олар ер адамды алып шықты.