НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мойынты – Сарышаған жол учаскесінде бидай тиелген вагондар аударылып қалды.
"1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондарға бидай тиелген. Оның рельстен шығып кетуіне вагонның бүйір рамасының сынуы себеп болған. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.