НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына құрылған сәттен бастап барлығы 109,3 миллиард теңге түсті.
29-31 қаңтар аралығында қоғамдық қор тағы 16 миллиард теңгеге толықты:
"Жалпы, бүгінгі таңда қорға 109,3 миллиард теңге аударылған. Бұл қаражат осы жылдың 16 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында түсті", - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін қор жылына кемінде 100 миллиард теңге тартады деп болжанған болатын. Болжамдық есептеулерге шетелдік және халықаралық компаниялардың ақшасы кірген жоқ.
"Қазақстан халқына" қоры шотына қайырымдылықты келесі деректемелердің бірі бойынша жүргізуге болады: