Өңірлер

Тағы алты бағыт бойынша пойызда қыз-келіншектерге арналған вагон пайда болды

Мұндай вагондарда жеті жасқа дейінгі ұл балаларды тасымалдауға рұқсат беріледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан — Sputnik. 1 ақпаннан бастап Қазақстанда тек әйелдер мен балаларды ғана тасымалдайтын вагондары бар пойыз саны артады. "Қазақстан темір жолы" халық сұранысын ескере отырып, осындай шешім қабылданғанын хабарлады.
Жоба пилоттық режимде тағы алты бағытта жүзеге асырылады.
Олар:
Жолаушылар интернет-сайттар және билет кассаларында әйелдер вагонына теміржол билетін рәсімдеу кезінде мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуға тиіс.
Қоса ілесіп жүретін адам болған жағдайда 7 жасқа дейінгі ұл баланы әйелдер вагонының жолаушысы ретінде рәсімдеуге рұқсат беріледі.
Өткен жылдың қазан айында "Жолаушылар тасымалы" АҚ №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен" жолаушылар пойыздарында әйелдер вагонын енгізді.
Жоба іске қосылған сәттен бастап, яғни 2021 жылдың 10 қазаны мен 31 желтоқсан аралығында 13 243 қыз-келіншек осы қызмет түрін пайдаланған.

Оқи отырыңыз: 

Алматыда мен Нұр-Сұлтан арасында тағы төрт пойыз іске қосылды
Енді ҚТЖ пойыз кешіккенде SMS-хабарлама жібереді