Қоғам

Қазақстан мен Әзербайжан арасында әуе рейстері артады

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатын болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан — Sputnik. 18 ақпаннан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстері артады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, рейстерді 18 ақпаннан бастап "Әзербайжан Хава Йоллары" ЖАҚ әзербайжандық әуекомпаниясы жүзеге асырады.
Ақтау және Баку қалалары арасында тұрақты рейстер A319 типті әуе кемесімен аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) ұшады деп жоспарланған.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризмді және іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады