НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қарағандыда "Ваз" автокөлігі жаяу жүргіншілер жолында екі баланы қағып кетті. Оқиға 31 қаңтарда кешкі сағат алты шамасында болған.
Оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Көлік қаққан кезде 15 жастағы жасөспірім қыз 5 жастағы інісін шанамен сүйреп жолдан өтіп бара жатқан.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екі бала да ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.