Саясат

Қазақстан президенті әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Мұрат Нұртілеу басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған дейін президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарған болатын.

Мұрат Нұртілеудің өмірбаяны

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда Алматыда туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетін бітірді.