Спорт

Марат Баймұханов "Қайрат" ФК бас директоры қызметінен босатылды

Марат Баймұханов негізгі команданың басшысы қызметіне 2015 жылы келген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Алматылық клуб сапында кадрлық өзгерістер орын алды. Марат Баймұханов "Қайрат" ФК-ның бас директоры қызметінен босатылып, бақылау кеңесінің мүшесі болып бекітілді, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
"2015 жылы Марат Баймұханов негізгі команданың басшысы қызметіне келіп, сол уақыттан бері нәтижелі жұмыс атқарып келеді", - делінген хабарламада.
Баймұханов әкімшілік-шаруашылық істері департаментінің басшысы және клубтың бас директоры қызметінде болған.
2020 жылғы чемпиондық маусымда Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысатын клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының сол жылғы үздік менеджері атанды.
Марат Баймұханов 2022 жылдың 1-ақпанынан бастап бақылау кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалады.

Оқи отырыңыз: