Білім

Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты

Сонымен қатар олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.
Оқи отырыңыз: ҰБТ басталды: қанша өтінім түсті