Экономика

Үкімет халықтың табысын арттыруға кірісті

Ұлттық экономика министрлігі ұсынған шаралар халықтың табысын арттыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды, тарифтік саясатты жетілдіруді көздейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Үкіметте 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері қаралды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық экономика министрлігі ұсынған шаралар бірнеше бағытты қамтиды. Олар:
Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа алма бақтарын отырғызуға, ет өнімдерін қайта өңдеуге, құс етін өндіруге және балық өсіруге басымдық жасайды. Картоп пен көкөністерді сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шаралары да жоспарланған.
"Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиемен, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету, АӨК субъектілерін субсидиялау жүйесін жетілдіру, ветеринариялық жүйені реформалау жоспарланып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Өндіріске заманауи ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын және жем-шөп өндірісін дамыту бойынша шаралар қабылданады.
Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаға шығарылатын зияды заттарды азайтып, ластанған жерлерді қалпына келтіруді көздейді. Зиянды қалдықтар жинақталған байырғы қоймаларды жою жұмыстары атқарылады. Утилизациялық алым мөлшерлемесі қайта қаралады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдердің ұйымдық-штаттық құрылымын өзгертеді. Сосын азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша тиісті шаралар қолға алынады.
Ал қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің реформасын іске асырады. Атап айтқанда, жеке құрамның санын ұлғайту, әскерлерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету шаралары жоспарланған.