Видео

Гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы қайда қызмет етеді – видео

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Никита Друца бірнеше мәрте кір спортынан беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанды
Sputnik
Оның жетістігі – 2019 жылы әлем чемпионатындағы жеңісі мен "ұзақ циклға жұлқа тартудан" орнатқан рекорды. Никита 24 келі салмақтағы кір тасын 151 мәрте көтерді.
Қазір рекордшы Сарыөзек гарнизонының шабуыл бригадасында мерзімді әскери қызметін өткеруде.
Қызмет барысында жаттығуларын толық жалғастырып, танк механик-жүргізушісі әскери мамандығын игерді. Антына адал жауынгер өзіне жақын достар тапты.
Чемпионмен видеосұхбатты қорғаныс министрлігі желідегі парақшасында жариялады.