Қоғам

Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталды

Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мен орынбасарлары ұсталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш өңірде бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы В. Гайламазян, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е. Кулкеев және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б. Ізімтаев ұсталды.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Шенеуніктерге нақты қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.