НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Ақпанның 4-5 күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады Уәли.
Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.