НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбек дауына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС жұмысшылары президенттен қысқартуға қатысты мәселені шешуді сұрады, деп хабарлады lada.
Олардың сөзінше компанияда жаппай қысқарту жүргізіліп жатыр.
"Бізді күштеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берілген. Амалсыздан бұл шартқа көндік. Алайда олар сөздерінде тұрмады", - дейді жұмысшылар видеода.