НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың батысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Түнде Алматы облысының шығысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.