НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 9 475 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді. Бұған дейін 12 мыңға жуық адамның індетке шалдыққаны хабарланған еді.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 225 997 адамнан коронавирус табылды.
Сондай-ақ 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, республикада 156 342 адам коронавирус инфекциясынан (–154 988+ және 1 354 КВИ-) емделіп жатыр, соның ішінде 10 226 пациент стационарда, 146 116 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.