НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. "Омикрон" штамын жұқтырған адамның жиі басы ауырып, әлсіздік сезінеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Марина Астафьева мәлімдеді.
"Кез келген вирус клеткаға түскеннен кейін ағзаны улай бастайды. Біз бірден әлсіздік, шаршаңқылық, буын ауруы мен бас ауруын байқаймыз. Денеміздің кез келген мүшесі ауыруы мүмкін", – деп түсіндірді ол "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында.
Дәрігер сырқаттану белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан организмге "өз-өзіне келуге" уақыт беру қажет, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко "омикронды" тест тапсырмай-ақ бірнеше белгі бойынша анықтауға болатынын айтқан еді.