Оқиға

Семейде әйел көлікте қысылып қалды – фото

Hyundai мен Toyota маркалы көліктер соқтығысты. Жеңіл көліктердің біріндегі жолаушы салоннан шыға алмай қалған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Семейде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір әйел көліктің ішінде қысылып қалды.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қаңтарда түнде түнде болған.
 Hyundai мен Toyota маркалы көліктер соқтығысты. Жеңіл көліктердің біріндегі жолаушы салоннан шыға алмай қалған.
"Құтқарушылар дер кезінде жетіп, арнайы құралдың көмегімен 1971 жылғы әйел адамды аман алып шықты", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды