Қоғам

Алматы әкімі ауыса ма – Тоқаев жауап берді

Мемлекет басшысы Сағынтаевтың қызметтік міндеттерін атқару жағынан адал адам екенін атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы трагедиядан кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Оны кінәлай алмаймын. Қызметтік міндеттерін атқару жағынан адал адам, негізі. Алайда алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруге міндеттімін. Сол себепті уақыт келгенде білесіздер", - деді Тоқаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында.
Президент интернетте жарияланған петиция туралы білетінін де айтты. Сондай-ақ, ол қаланы "Алматы" емес, "Алма-Ата" деп атауға қатысты өз ойын айтты.
"Енді, қазір барлық құжатты ауыстырып қайтеміз. Тиісті шешімдер қабылдау керек. "Алматы" деген атау қазақ тілді адамдарға жақын. Ал орыс тілділерге "Алма-Ата" деп айтқан жеңіл. Былай келісейік, ресми түрде "Алматы" атауы қала берсін, ал қала тұрғындары мен оны жақсы көретіндер қалай атаса да, өз еркі", - деп атап өтті президент.