Өңірлер

Қостанай облысының полиция департаментіне жаңа бастық келді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өңірлік полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Полиция полковнигі Ерлан Омарбеков Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Бұған дейін ол ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болды.
"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ішкі істер министрі полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды.
Ал Қостанай облысының полициясын алты жылдан астам уақыт басқарған Бекет Аймағамбетов ішкі істер министрлігінің қарамағына алынды.

Ерлан Омарбековтің өмірбаяны

Ерлан Болатұлы Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді.
Органдағы қызметін милиция батальонында милиционер қызметінен бастаған.
Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
Оқи отырыңыз: Вице-премьер Склярдың інісі басшылық қызметке тағайындалды
Ішкі істер министрлігінің басшылық қызметінде тәжірибесі мол – Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болды.
Соңғы жұмыс орны – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.