Қоғам

"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті

Қоғамдық қор жылына кемінде 100 миллиард теңге тартуды жоспарлап отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына 16 қаңтардан бері 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті.
"2022 жылдың 16-27 қаңтары аралығында қорға 52 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Қор жылына кемінде 100 миллиард теңге шоғырландырады деп жоспарлануда. Біздің болжамды есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардың ақшасы көзделмеген", - делінген қор хабарламасында.
Бұған дейін 25 қаңтарда қоғамдық қорға 42 миллиард теңге түскені хабарланған болатын.
26-27 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:
Қор қазақстандық ірі кәсіпорындар мен олардың акционерлеріне қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Оқи отырыңыз: Президент "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға асықпайтын олигархтарға үндеу жолдады
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.