Қаңтар оқиғасы

Бүгін Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының себебін айтады

Президент сонымен қатар алдағы саяси және әлеуметтік реформалар туралы ақпарат береді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Бүгін кешке мемлекеттік телеарналар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбатын көрсетеді.
"Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді", - деп жазды Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сұхбат сағат 20:00-де "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетіледі.