Қоғам

Президент лауазымында қанша уақыт болатынымды білмеймін – Тоқаев

Тоқаев президент лауазымына Конституция бойынша екі мерзімнен артық сайлануға болмайтынын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып қайта сайлану үшін заңды өзгертпеуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен Қазақстан президенті лауазымында қанша уақыт болатынымды білмеймін. Бірақ Конституция бойынша екі мерзімнен артық сайлануға болмайтынын білемін. Ешқандай заңды өзгертпейміз. Конституцияға да ешқандай өзгеріс енгізілмейді", - деді Тоқаев "Хабар" арнасына сұхбатында.
Президенттің айтуынша, саяси және экономикалық реформаларды қатар жүргізу керек.
"Бұл – менің миссиям", - деп атап өтті Тоқаев.