АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Қазір елімізде 18 министрлік жұмыс істеп тұр. Ranking.kz мамандары қай министрліктің басшысы жиі ауысатынын анықтады.
Сарапшылардың айтуынша, елде көп жағдайда ауыл шаруашылығы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігінің басшылары жиі ауысқан. Әр министрлікте 19 басшы ауысқан.
Сондай-ақ бұл қатарда қаржы министрлігі, денсаулық сақтау (әрқайсында 14 министрден ауысқан) және қорғаныс министрлігі (13 басшы ауысты) бар.
Министрліктер арасында басшысы аз ауысқан – төтенше жағдайлар министрлігі және сауда және интеграция министрлігі. Айта кетері, төтенше жағдайлар министрлігі 2020 жылдың 9 қыркүйегінде, сауда және интеграция министрлігі 2019 жылдың 17 маусымында құрылды. Ведомстволарда алғашқы басшылар әлі ауыспады.
30 жылда 12 премьер-министр ауысты
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері елде 12 премьер-министр ауысқан. Оның ішінде Кәрім Мәсімов бұл қызметті екі рет атқарған: 2007 жылдың 10 қаңтарынан 2012 жылдың 24 қыркүйегі және 2014 жылдың 2 сәуірі мен 2016 жылдың 8 қыркүйегі аралығында. Ол бұл қызметте бірінші рет таңдалған кезде 2084 күн немесе 5,7 жыл және екінші ретте 890 күн немесе 2,4 жыл отырды. Мәсімовтің екінші рет премьер-министр болғанын есептемегеннің өзінде бұл қызметте ең ұзақ отырған.
Жұмыс мерзімі бойынша екінші және үшінші орында Даниал Ахметов (3,6 жыл) пен Әкежан Қажыгелдин (3 жыл) тұр.
Қазіргі премьер-министрді есептемегенде Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте бәрінен аз отырған: 2002 жылдың 28 қаңтарынан 501 күн қызметте болды.
1991 жылы 16 қазанда елдің бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко болды. Ол 1092 күн немесе 3 жыл жұмыс істеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 30 жылда кімдер премьер-министр болды