НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Қызылордада полиция формасын шаруашылық жұмыстары үшін киген тұрғын жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желіде полицияның қызметтік киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің видеосы тараған болатын.
Учаскелік полицейлер бейнежазба бойынша іздестіру жұмыстарын атқарды.
Нәтижесінде, 24 жастағы қала тұрғыны басқармаға жеткізілді.
Оған қатысты, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 675-бабы 1-тармағы (Әскери киiм нысанын, сондай-ақ арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру) бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданатын болады.