Әлем

Крещение кезінде батып кеткен әйелдің денесі табылды

40 жастағы әйел балалары мен күйеуінің көз алдында су астына кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Ленинград облысында Крещение кезінде батып кеткен әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды РИА Новости. 
Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Ленинград облысында крещение кезінде суға түскен әйел батып кетті.
Әйел 19 қаңтарда Оредеж өзінен түскен.
"Суға түсу кезінде оны ағын алып кетті. Өзеннің дәл осы бөлігінде ағын қатты. Оның денесі іздестіріліп жатыр", - делінген ақпаратта.
40 жастағы әйел балалары мен күйеуінің көз алдында су астына кетті.