Видео

Елорда полицейлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырды – видео

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған тіркелмеген атыс және суық қаруды тапсыруға шақырып отыр
Sputnik
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда оларға жақындамай, бұл туралы полицияға "102" телефоны бойынша хабарлау керек, деп жазды ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.
Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды – видео