НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров соғыстың басталу ықтималдығына қатысты сұраққа ашық жауап берді.
"Егер ондай мәселе Ресей Федерациясына байланысты болса, онда соғыс болмайды. Біз соғысқанды қаламаймыз. Бірақ біздің мүдделерімізге өрескел озбырлық жасауға, біздің мүдделерімізді ашық елемеуге жол бермейміз", - деді Лавров Sputnik, "Эхо Москвы", "Говорит Москва" және "Комсомольская правда" радиостанцияларына берген сұхбатында.
Айта кетері, осы сәрсенбіде АҚШ пен НАТО Ресейдің қауіпсіздікке кепілдік беру ұсынысына өз жауабын берді.
Бұған дейін сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей ұсыныстарына берген жауабын ашық жариялмауды өтінсе, Мәскеу онымен келіседі және АҚШ пен НАТО-ның жауабын жарияламайды. Алайда Вашингтонның реакциясы ол хаттың мазмұнын Ресей халқына да, басқа мемлекеттерге де жариялауға итермелеп отыр.
Лавровтың сұхбатын мына сілтеме арқылы көруге болады.