Оқиға

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

Минивэн жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ауыр жүктасығыш көлікпен соқтығысқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Шымкент – Самара тасжолында жол апаты болды.
"Volkswagen Sharan маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол жол жиегінде тұрған Merсedes ауыр жүк көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция  департаментінің баспасөз қызметі.
Соқтығысу салдарынан үш жолаушы (1987, 1988 жылы туған екі әйел және 1976 жылы туған ер адам) оқиға орнында көз жұмды, қалған үш жолаушы мен Volkswagen жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ПД.  
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: