Саясат

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұған дейін Роман Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Роман Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған болатын. Президент өкімімен ол лауазымынан босатылды.