Қоғам

2022 жылы қандай өзгерістер болады - үкімет іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге кірісті

Премьер-министр Әлихан Смайылов бағдарламаның барлық тармағын практикалық тұрғыда іске асыру қажеттігін жеткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Сауда және интеграция министрлігі шикізаттық емес экспорт пен ішкі сауданы дамытуды көздейді. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеп отырады.
Білім және ғылым министрлігі біраз шараларды жоспарлап отыр.
Олар:
Ал мәдениет және спорт министрлігі биыл мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді күшейтеміз деп отыр. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріледі.
Атап айтқанда:
Туризм саласында 192 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халық пен бизнестің сұраныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың өзекті деректерді ашуына ықпал етеді.
Ал денсаулық сақтау министрлігі, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса көңіл бөледі.
Нақты шаралар:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздейді.
Энергетика министрлігі ішкі нарықта электр энергия, сұйылтылған және тауарлық газға деген сұранысты өтеуге тырысады.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған 2022 жылға арналған шаралар ақпараттық технологиялар бойынша білім алудың қолжетімділігін арттыруды, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G ұялы байланыс стандартын енгізуді, геостационарлық емес спутниктік топтамаларды пайдалану арқылы шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтуды көздейді", - делінген ресми хабарламада.
Премьер-министр Әлихан Смайылов бағдарламаның барлық тармағын практикалық тұрғыда іске асыру қажеттігін жеткізді. Сонда ғана халықтың тұрмыс сапасы жақсарады.